16:57 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Айғақ заттар, архивтегі сурет

Алматыда апалы-сіңлілі әйелдерді өлтірген жауыз мәйіттерді қорлаған

© Foto: ДВД Северо-Казахстанской области
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
345001

Асқан қатыгездікпен өлтірілген Людмила Тимофеева мен Ольга Суслинаның туыстары жаңа деректермен бөлісті

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Алматыда қанішердің қолынан қаза тапқан апалы-сіңлілі екеу жер қойнына тапсырылды. Ал адам миына кіріп-шықпайтын қылмыс жасаған жауыз әлі іздестіріліп жатыр. Бірі 30, екіншісі 16 жерден пышақталған Людмила Тимофеева мен Ольга Суслина осыдан бес күн бұрын түнжарымнан ауған шақта өз үйінде өлі күйінде табылған болатын, деп хабарлады КТК.

Олардың денесін өртеніп жатқан үйдің ішінен көршілері алып шыққан. Ал күдікті ретінде 34 жастағы Замандин Палтуев іздестіріліп жатыр.

Қайғырып қара жамылған мына адамдар ажал құшқан екеудің туыстары, таныстары мен көршілері. Қайыр айтуға балаларының сыныптастары да келген. Болған жайды камера алдында айтып беруге туған бауырларының ешқайсының дәті бармады. Бақилыққа кеткен Людмила Тимофееваның артында 3 баласы, ал Ольга Суслинаның бір ұлы қалды. Іші түгел өртенген баспананың қабырғалары ғана қауқиып тұр. Бәріне кінәлі жауыздың жасаған ісі адамды түңілдіреді.

 "Ольганың әурет жерін, ал Люданың омырауын кесіп алған деп естідім. Одан қалды, тамағын осып, денесінің де сау-тамтығын қалдырмаған дейді. Тіпті, есі дұрыс емес адамның да мұндай әрекет жасауы екіталай ғой. Үйіміздің жанында осындай болып жатқасын, өзіміз де қорқып отырмыз", — дейді марқұмдардың туысы Любовь Доденгефт. 

Осы айдың бірінен екісіне қараған түні болған қанды оқиғаның шет-жағасы көрші үйлердің бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Онда екі аяғын әрең басқан біреу жайбарақат кетіп барады. Кейін белгілі болғандай, видеодағы адам күдіктінің дәл өзі болып шыққан. От қаулаған үйді өшіріп жатқан өрт сөндірушілердің онымен ісі жоқ.

 Осы жантүршігерлік қылмыстан жапа шеккен үшінші бір адам бар. Серік есімді жігіт Люда мен Оляға көмектесуге келгенге ұқсайды. Бірақ, жауыз оны да ауыр соққыға жығып, ол қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Марқұмдардың туыстарының айтуынша, бұл оқиға да осындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалғанға ұқсайды. Бірақ тергеу құпиялығына байланысты ол еш жерде жарияланбай отыр.

Тергеу шараларының құпиялығына байланысты үшінші адам туралы ақпарат әзірге жасырын болып тұр. Белгілісі, миы шайқалып, тілге келмей қиын жағдайда жатыр екен. Ал басты күдікті көлденең жүрген біреу емес, марқұмдардың танысы болып шықты. Жалпы ауыр қылмысқа ішімдіктің де әсері бар деген болжам айтылуда. 


Басты тақырыптар