01:43 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Архивное фото наручников

Қостанайда полицей 400 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
174 0 0

Ол ұрлық фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін пара алмақ болған

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Пара алып жатқан жерінде полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды өңірлік alau.kz сайты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаментіне сілтеме жасай отырып. 

6 желтоқсан ұлттық бюро департаменті жедел іздестіру шаралары барысында Қостанай ІІБ Солтүстік полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің қызметкерін қылмыс үстінде ұстады. 

"Ол ұрлық фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін С. есімді азаматтан 400 000 теңге сомасында пара алып жатқан жерінде ұсталды. Ол кінәсін толық мойындап, тергеумен келісімге келгендіктен, оған қатысты ҚР ҚПК 128 бабының негізінде процессуалдық щара қолданылған жоқ", — деп хабарлады бюродағылар. 


Басты тақырыптар