Өңірлер

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Сергей Красноухов / Медиабанкке өтуҚар, боран
Қар, боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. "Қазгидромет" РМК 9-11 желтоқсан аралығындағы ауа райына болжам ұсынады.

Қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Еліміздің кей жерлерінде боран соғып, көктайғақ болады

"Оңтүстік циклон Қазақстанның оңтүстігіне қарай жылжып, солтүстік-шығыс бағытқа ауысады. Соның әсерінен демалыс күндері қар жауып, бұрқасындатады, кей жерлерде жылдамдығы 18-25 м/с жел соғады, көктайғақ болады", — делінген хабарламада.

Сенбі күні республиканың көптеген облысында ауа температурасы көтеріледі, алайда дүйсенбіде күн қайта суытады.

Қар, бұрқасын мен көктайғақ, әсіресе, таулы жерлер мен автожолдарда қауіпті.

Жаңалықтар
0