Өңірлер

ҰҚК халықаралық террористермен байланысы бар бес адамды ұстады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуСот процесіндегі сотталғандардың фотосы
Сот процесіндегі сотталғандардың фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жедел іздестіру операциясы Петропавлда өткен

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Петропавл қаласында халықаралық террористермен байланысы бар деген күдікпен бес шетелдік ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. 

Содыр. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жихадқа шақырған қазақстандықтар шенеуніктерге шабуыл жасамақ болған
8 желтоқсан күні ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы ІІД күштерімен бірлесіп, Петропавл қаласында бес адамды ұстады. 

Ұсталған азаматтар Қазақстанға Орталық Азия елдерінің бірінен келген. 

"Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер халықаралық террористермен байланыста болды деген күдік бар", —делінген хабарламада.

Ұсталған адамдарды серіктес мемлекеттің құқық қорғау органдарына беру мәселесі шешілуде.

© Photo : ҚР ҰҚК баспасөз қызметіХалықаралық террористермен байланысы бар бес адам ұсталды
Халықаралық террористермен байланысы бар бес адам ұсталды - Sputnik Қазақстан
Халықаралық террористермен байланысы бар бес адам ұсталды

 


Жаңалықтар
0