16:58 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Қалтадағы ойыншық

Рудныйда 6 жасар қызға тиіскен зейнеткер іздестіріліп жатыр

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
235 0 0

Ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растады

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Рудный полицейлері 7 желтоқсан күні алты жасар қызға тиіскен зейнеткерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды alau.kz

7 желтоқсан күні кешкі сағат 17:29-да Рудный қаласы ІІБ-ға 41 жастағы әйелден хабарлама түсті. Ол белгісіз ер адам 6 жасар қызына тиіскенін айтып шағымданды. 

"Полицейлер 65 жастағы күдіктіні анықтады. Қазіргі таңда оны ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр", — деп мәлімдеді ведомстводан. 

ҚР ҚК 124-бабы 1-тармағы "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Естеріңізге салып өтсек, Рудныйда 10 жасар қызға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған ер адам іздестірілуде.


Басты тақырыптар