04:00 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Шахтадағы шахтерлердің архивтегі фотосы

Қарағанды шахтасындағы ереуіл: 200 адам кенжардан шықпай қойды

© Sputnik / Владимир Вяткин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Қарағанды шахтерлерінің ереуілі (13)
12710

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының төрт шахтасында кеншілер дүйсенбі күні ереуіл бастады, алайда әзірге ешқандай талап айтпаған

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның 200 кеншісі жұмыстан кейін жер бетіне шықпай, кенжарда қалып қойды, деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.

"Төрт шахтаның түнгі ауысымындағы 200-ге жуық адам жұмыс уақыты бітсе де, шахтадан көтерілген жоқ. Бұл наразылық акциясы санкцияланбаған, өйткені кеншілер шахта басшылығына да, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ әкімшілігіне де ешқандай ресми талаптар қойған жоқ", — делінген компания мәлімдемесінде.

"Қорғау" көміршілер кәсіподағы тарапынан да ешқандай өтініш болмаған, деп атап өтті компания.

Қалған шахталар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

"Қазір келіссөздер жүргізілуде. Нәтижесін кейінірек береміз", — деп хабарлады "Қорғау" көміршілер кәсіподағының төрағасы Марат Мірғаязов Sputnik Қазақстан агенттігіне.   

Оқиға Қарағанды облысы әкімдігінің бақылауында.


Тақырып:
Қарағанды шахтерлерінің ереуілі (13)
Загрузка...

Басты тақырып