10:23 20 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.16
  • EUR428.47
  • RUB6.08
Жедел жәрдем, архивтегі фото

Оңтүстік Қазақстанда баласын аяусыз ұрған әйел қамауға алынды

© Sputnik / Андрей Стенин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
284 0 0

Әйел өзінің алты жасар ұлын аяусыз ұрып-соққан, бала ауыр хәлде ауруханаға түсті

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Кішкентай баласын сабағаны үшін Сайрам ауданының тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

2011 жылы туған бірінші сынып оқушысы ауыр жағдайда аудандық ауруханаға түскен. Баланың соққыға жығылғанын полицияға дәрігерлер хабарлапты. 

Полицейлер тексеріс кезінде алты жасар баланы кеше түнде 1981 жылы туған өз анасы ұрғанын анықтады.  

ҚР ҚК 106-бабы – "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптама тағайындалды.   

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.   


Загрузка...

Басты тақырып