06:32 17 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD377.19
  • EUR408.99
  • RUB5.93
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
179 0 0

Полиция 18-27 жас аралығындағы облыстың алты тұрғынын ұстады

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Шымкентте полицейлер бірнеше букмекерлік кеңсені тонады деген күдікпен алты жігітті ұстады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Жетінші желтоқсан күні қалалық полицияға 26 жастағы қыз хабарласып, түнде букмекерлік кеңсеге белгісіз біреулер шабуыл жасағанын айтқан. Қаскүнемдер қыз бен күзетшіні соққыға жығып, кассадан 180 мың теңгені алып кеткен.  

Тәртіп сақшылары 18-27 жас аралығындағы облыстың алты тұрғынын ұстады. Олар кінәсін мойындады. Тергеу ұсталған жігіттердің қалада жасалған бес тонауға қатысы бар екенін анықтады. 

Тонаушылар букмекерлік кеңселерге кіріп, мекеме қызметкерлеріне күш қолданып, ақшаны алып кетіп отырған. Ал ұрланған ақшаны өз қажеттеріне жаратқан. Зардап шегушілерге 400 мың теңгеден астам шығын келтірілді. 

"Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.      

 


Загрузка...

Басты тақырып