Өңірлер

Шахтинск өңірінде қамауға алу шаралары жүргізілген жоқ – полиция

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ереуіл бастаған төрт шахтадан түн ішінде 154 адам жер бетіне шықты

АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Ішкі істер департаменті шахтерлер ереуіл ұйымдастырған Қарағанды облысындағы қамауға алу шаралары туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды облыстық әкімдік баспасөз қызметі.

Әкім түні бойы шахтада болған: 154 адам кенжардан шықты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Әкім түні бойы шахтада болған: 154 адам жер астынан шықты

"Шахтинск өңірінде қамауға алу және ұстау шаралары жүргізілген жоқ. Полиция азаматтардан арандатушылыққа жол бермеуді сұрады", — деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.   

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті төрт шахтасының 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда жұмыс ауысымы аяқталған соң кенжардан шықпай қойған. Жұмысшылармен келіссөз жүргізу үшін компания өкілдері келді. Шахтерлер бірқатар талап қойған, оның ішінде жалақыны көтеру және зейнет жасын төмендету бар.

13 желтоқсанға қараған түні өңір басшысы төрт шахтаға түсіп, кеншілермен әңгімелесті, нәтижесінде 154 адам жер астынан шыққан.

Жаңалықтар
0