07:06 23 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD385.01
  • EUR425.78
  • RUB6.05
Аурханадағы зембіл, архивтегі сурет

Гаражда тұншығып өлген жігіттің досы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

© Sputnik / Максим Маслов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
110910

Евгений көлікті гаражға қойып, дос қызымен біраз отырып әңгімелеспек болған

АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Қостанайда гаражда тұншығып өлген жігіттің досы оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Костанайские Новости.  

Естеріңізге сала кетейік, 18 жастағы студент газдан уланып көз жұмған еді. Трагедия 10 желтоқсан күні Железнодорожный көшесіндегі "Экспресс" гараж кооперативінде сағат 19.23-те болған. 

Артем Масляк болған оқиғадан әлі күнге дейін есеңгіреп жүргенін айтады.   

"Біз Женя екеуміз бала күннен дос едік. Ол менің ең жақын досым болды, оның мына өмірде жоқ екеніне әлі күнге дейін сене алмай жүрмін. Женя менің спортқа қызығушылығымды оятты. Ол өте ақкөңіл жан еді, біздің есімізде сол қалпына қала береді", — деді жас жігіт.    

Оның айтуынша, Евгений №16 лицейде оқыған. Электромонтажник болғысы келіпті. 

"Ол бар-жоғы 18 жаста болатын. 10 желтоқсан күні дос қызымен бірге қаланы аралап, туыстарына барыпты. Көлікті гаражға қойып, біраз отырып әңгімелеспек болады. Женя бұл өмірмен қош айтысып кете барды. Ол пайдаланылған газдан уланып қалған. Дос қызы аман қалды, дегенмен денсаулығына ауыр зиян келген, қазір ауруханада жатыр", — деп түйіндеді ол.       


Загрузка...

Басты тақырып