Өңірлер

Текеліде жас қыз аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін айыпталды

© AP Photo / Richard DrewҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыс туралы айтпағаны үшін қызға айыппұл салынуы немесе алты жылға бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қолданылуы мүмкін

АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысында полиция аса ауыр қылмыс туралы хабарламаған 21 жастағы қызға қатысты қылмыстық тергеуді бастады, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаменті.

Қоқыс төгетін жер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Текелі тұрғыны кісі өлтіріп, қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген

Баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, Текеліде күзде қоқыс арасынан мәйіті табылған 30 жастағы ер адамның өліміне қатысты тергеу барысында бойжеткен қылмыстық қудалауға ұшырады.

"Текеліде кісі өлтірді деген күдікпен 26 жастағы тұрғын ұсталды. Тергеу барысында, ұсталған қыздың сөздерінен жігіттің автокөлікті ұрлап, суық қаруды заңсыз сақтағаны белгілі болды. Осы қылмыстың куәгері болып, ізін жасыруға көмектескен қызға қатысты ҚР ҚК 434-бабына "Қылмыс туралы хабарламау" сәйкес қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарлайды полиция.

Жаңалықтар
0