Өңірлер

Алматыда көлік тонаумен айналысқан қырғыз азаматы ұсталды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуКөлік тонау
Көлік тонау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
25 жастағы жігіт автокөліктерді ашып, видеорегистраторларды ұрлаған

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Алматы қаласы Алмалы ауданы ішкі істер басқармасы қызметкерлері көліктерді тонаумен айналысқан Қырғызстан азаматын ұстады, деп хабарлайды қаланың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Жанармай бекетінде көлік тонаған ұры алысқа кете алмады - Sputnik Қазақстан
Жанармай бекетінде көлік тонаған ұры алысқа кете алмады

Тергеу барысында анықталғандай, бұдан бұрын сотталған, 25 жастағы қырғызстандық Алматыға ақша табу үшін келген. Әуелі әртүрлі жұмыстарды істеп жүріп, кейін қылмыс жолына қайта түседі: көліктердің әйнегін шағып, видеорегистраторлар мен көлік иелерінің жеке заттарын тонап отырған.

Полиция мәліметінше, Алмалы ауданы бойынша осындай бес жайт тіркеліпті. Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

© Photo : Алматы ІІДКөлік тонады деген күдікпен ұсталған азамат
Көлік тонады деген күдікпен ұсталған азамат - Sputnik Қазақстан
Көлік тонады деген күдікпен ұсталған азамат
Жаңалықтар
0