Өңірлер

Батыс Қазақстанда төртінші сынып оқушысын зорлап кетті

© Sputnik / Табылды КадырбековЕр адам қыздың иығынан ұстап тұр, архив суреті
Ер адам қыздың иығынан ұстап тұр, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыс 23 желтоқсанда болған, қазіргі уақытта полиция күдіктіні ұстады

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданындағы ауылдардың бірінде тоғыз жасар қызды зорлап кетті, деп хабарлайды "Мой город" басылымы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

жеткіншек қыз - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Кішкентай қызды зорлады деген күдікті Бурабайда ұсталды

Оқиға 23 желтоқсанда түнде болған. Қызды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. 

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлімі «Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Тергеу жүріп жатыр, бірқатар сараптама жасалады. Оқиғаның мән-жайы туралы басқа ақпарат жоқ. 


Жаңалықтар
0