01:48 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
сәби

Шымкентте өзеннен жаңа туған сәбидің денесі табылды

CC0 / Jacqueline Macou
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
75 0 0

Қазіргі уақытта полиция бұл оқиғаға қатысты бірқатар сараптама жүргізіп жатыр

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Шымкентте өзеннен жаңа туған қыз баланың мәйіті табылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады. 

Сәбидің денесі табылғаны туралы полицияға 27 желтоқсанда күндіз сағат үште коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері хабарлаған. Оқиға орнына Әл-Фараби полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жетті. 

Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде "Мәйітті табу" бабы бойынша тіркелді. Тергеу басталды, бірқатар сараптама жүргізіледі. 

Баспасөз хатшысының атап өтуінше, сарапшылар нәрестенің денесінен зорлық белгілерін таппаған, оның бойы – 36 сантиметр, салмағы – 690 грамм. 


Загрузка...

Басты тақырып