11:38 23 Сәуір 2018
Тікелей эфир
Кісен

Ата-ана ұлын өлтірген кикбоксшыдан 5 миллион теңге талап етті

© Sputnik / Алексей Вовк
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
54 0 0

Туған-туыстарының сөзіне сүйенсек, сотталушы жас жігітті өлтіргенін мойындамай отыр

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Төбелес кезінде қаза тапқан Дмитрий Дядюнның туған-туыстары моральдық шығын үшін 5 миллион теңге және материалдық шығын үшін 541 мың теңге сұрады, деп хабарлайды "Костанайские новости" порталы.

Атап өтсек, сотталушы —  кикбоксшы Диар Қожақов. Ол 19 тамыз Қала күнінде Дмитрий Дядюнды ұрған. 23 тамызда зардап шегуші алған жарақатынан ауруханада көз жұмады.

"Мұнда соманы сұрап арыз берген себебіміз, Қожақов айыбын мойындамай отыр, тіпті сот залына да келмейді. Әлбетте, ешқандай ақша баламның орнын толтырмас", — дейді қаза тапқан жігіттің анасы Ольга Дядюн.

Сотталушының қорғаушысы айтқандай, Қожақовтың отбасы барлық шартты орындауға дайын. Сотталушы арызда көрсетілген соманы төлеуге келісті.

Қожақов ісі бойынша екі жақтың пікірсайысы 18 қаңтарда өтеді.

Басты тақырыптар