09:10 20 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Шымкент көшесі, архивтегі сурет

Депутаттар Шымкенттегі Астана даңғылына Назарбаевтың есімін беруді қолдады

© Foto: сайт акимата Шымкента
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
85 0 0

ОҚО депутаттары Шымкенттегі Астана даңғылын Назарбаев есімімен атауды ұсынды

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.   

Жиында баяндама жасаған облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов облыстың әкімшілік-іскерлік орталығы орналасқан Астана даңғылын еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен  атауды ұсынды. Халық қалаулысының бұл ұсынысын маслихат депутаттары бірауыздан қолдады. 

Сессия барысында облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Елбасымыз биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері"  атты Жолдауында аталған негізгі 10 бағыт бойынша атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды.

"Елбасы жолдауында бірінші бағыт — "Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс" деп атап көрсетті. Бұл бағыттағы жұмысты Оңтүстік Қазақстан облысы барынша жеделдететін болады. Өңірімізде 11 индустриялды аймақтың әлеуетін барынша пайдалануды тиімді тұрғыдан жүзеге асыруымыз керек. Елбасының екінші қойып отырған міндеті "Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.  Өңірімізде бұл бағытта да келелі жұмыстар қолға алынып отыр", — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өңір басшысы 2018 жылы облыстық бюджет көлемі 504,6 миллиард теңгеге ұлғайып отырғанын да  жеткізді.  Ол сондай-ақ, биылғы жылы ауыл шаруашылығын субсидиялауға және микрокредиттеуге 6,8 миллиард теңге қарастырылып отырғанын мәлімдеді.


Басты тақырыптар