Өңірлер

Атырауда көлік багажына 1 тонна балық жасырған ер адам ұсталды

© Photo : Өңірлік коммуникациялар қызметіБалықтар
Балықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1995 жылғы жігіт тізгіндеген автокөлікке жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі орнатылған

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Атырауда көлік жүк салғышына 1 тонна балық жасырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құндыз тондар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жас жігіт Қытайдан Қазақстанға елуге жуық құндыз тон алып өтпек болды

Бүгін сағат 02:30-да "Атырау-Астрахань" тас жолында "Toyota Land Cruiser" маркалы автокөлігі тоқтатылды. Көлікті Жанбай ауылының 1995 жылғы тұрғыны тізгіндеген. Тексеріс барысында көлік салонынан салмағы 1 тоннаны құрайтын 35 қап сазан балығы табылды.

"Автокөлікке жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі орнатылған. Қазіргі таңда ҚР ҚК 196-бабына сәйкес тергеу амалдары жүгізілуде", — деп мәлімдеді Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Жаңалықтар
0