Өңірлер

Ақтөбеде ішкі істер бөлімінің бастығы қамауға алынды

© PhotoКісенделген адам, архивтегі фото
Кісенделген адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лауазымды қызметкердің былығын оның бұрынғы әйелі ашып берді

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Ақтөбеде мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен лауазымды полицей қамауға алынды, деп хабарлады КТК

Ұсталған Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы. Лауазымды қызметкердің былығын оның бұрынғы әйелі ашып отыр.

кісен, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда полицей 400 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды
Келіншек үйді жинап жүріп "аса құпия" деген жазуы бар құжаттарды тауып алған. Ол бірден адвокатына хабарласып, бұрынғы жары Евгений Лазаревтің үстінен арыз жазыпты. Ашулы әйел бағалы мәліметтермен бірге жатқан алпысқа жуық автоматтың оғын да тәртіп сақшыларына санап берген. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия салақ басшының мемлекетке келтірген шығынын 22 миллион теңге деп отыр. Бұрынғы әйелі ұстап берген Лазаревті енді қазіргі азаматтық некеде тұрған жары қорғаштап әлек. 

Оның айтуынша, ІІБ басшысына бұрынғы жары күн көрсетпейді екен. Екеуінің жанжалдасып жүргеніне 3 жылға жуықтапты. Айта кетейік, мемлекеттік құпияны әйелінен жасыра алмаған полицейдің зейнетке шығуына жеті жыл қалған екен.

"Ол құжаттарды 5 жыл өткен соң тауып отыр. Барып өткіздім.  Бірақ "құпия" деген жазуды көрген соң ішін ашып оқымадым дейді. Ақылға сыймайтын сандырақ әңгіме", — дейді Е. Лазаревтің азаматтық некедегі әйелі Наталья Горовая.


Жаңалықтар
0