Өңірлер

Шымкенттен шыққан жолаушылар автобусы Қарағанды–Астана тас жолында қалып қойды

© Photo : УЧС ТемиртауАстана-Қарағанды тас жолы
Астана-Қарағанды тас жолы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобус Шымкенттен Астанаға келе жатқан. Жолаушылар қазір Теміртауда

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Шымкент-Астана бағдары бойынша келе жатқан автобустың Қарағанды мен Теміртау арасында тоқтап қалып, жолаушылар құтқарылды, деп хабарлайды Теміртау қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшысы Арман Алпысбаев Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Құтқарушылардың пікірінше, жолаушылар мінген автобустың тоқтап қалғаны туралы хабар таңғы жеті кезінде түскен. Оқиға орнына құтқарушылар аттандырылыпты.

© Photo : УЧС ТемиртауАстана-Қарағанды тас жолы
Астана-Қарағанды тас жолы - Sputnik Қазақстан
1/2
Астана-Қарағанды тас жолы
© Photo : УЧС ТемиртауАстана-Қарағанды тас жолы
Астана-Қарағанды тас жолы - Sputnik Қазақстан
2/2
Астана-Қарағанды тас жолы
1/2
Астана-Қарағанды тас жолы
2/2
Астана-Қарағанды тас жолы

"Қатып қалған автобустың қырық жолаушысы құтқарылды. Олар Теміртау қаласына жеткізілген, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", — деп мәлімет берді Алпысбаев.

Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына жолда қалып қойған басқа да адамдардан қоңырау әлі де түсіп жатыр.

Жаңалықтар
0