01:17 20 Сәуір 2018
Тікелей эфир
Алматы

Алматы тұрғындарына қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берілді

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
29 0 0

Билік өкілдері халыққа көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілетінін ескертіп, жол шетінде тұрған көліктерді алып тастауды сұрады

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Алматыда бүгіннен бастап жауған қар 16 қаңтарға дейін толастамайтын болады, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

"Бүгін 2018 жылдың 11 қаңтарынан бастап жауған қар 16 қаңтарға дейін созылады, табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы автокөлік иелерінен көшені қардан тазалау жұмыстарына түсіністікпен қарап, жол шетінде тұрған көліктерін алып тастауды сұрайды", — деп хабарлайды әкімдік.

Автокөлік иелеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша қоғамдық көлікпен жүре тұруға кеңес берілді.

"Жеке көлікпен жүру қажеттілігі туындаса, жылдамдықты төмендетіп, көлік араларындағы қашықтықты сақтауға, шұғыл бұрылыс жасамауға шақырамыз", — делінген хабарламада.

Басты тақырыптар