15:44 18 Маусым 2018
Тікелей эфир
  • USD336.39
  • EUR390.28
  • RUB5.36
жасөспірім

ОҚО-да 10 жасар балаға жыныстық әлімжеттік көрсеткен бозбала ақталды

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
417 0 0

Жәбірленушінің ата-анасы істің қайта қаралуын талап етіп жатыр

АСТАНА, 11 қаңтар— Sputnik. ОҚО-да 10 жасар балаға жыныстық әлімжеттік көрсетті деп айыпталған бозбала ақталды, деп хабарлайды otyrar.kz.  

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Түлкібас ауданының тұрғыны 15 жасар бозбалаға қатысты іс қаралып жатыр. Ол 10 жасар балаға жыныстық әлімжеттік көрсетті деп айыпталған болатын. Бірақ алқа билер сотының шешімімен барлық айыптаудан ақталып шыққан.

Жәбірленуші баланың ата-анасы апелляциялық алқаға сот үкіміне шағым жолдаған. Олар істің қайта қаралуын талап етуде. Бірінші апелляциялық алқа сот отырысы жәбірленуші тараптың өтінімімен кейінге қалдырылды. Баланың анасы іс-сапарда жүр. Ақталып шыққан баланың туыстары мен адвокаттары бұл сотта да кінәлі емес екендіктерін дәлелдеп шығатындарына сенімді.


Басты тақырыптар