20:54 17 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Кісен

Солтүстік Қазақстанда 16 жыл бойы іздеуде болған қарақшы Шымкенттен табылды

© AFP 2018/ Thomas Samson
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
157 0 0

Қылмыскер қазір уақытша ұстау изоляторында отыр

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері 16 жыл іздеуде болған қарақшыны Шымкентте ұстады, деп хабарлайды облыстың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Қолында пышағы бар ер адам
© Sputnik / Табылды Кадырбеков

"2001 жылы Тайынша аудан орталығындағы үйлердің бірінде қарақшылық шабуыл жасалған. Бір топ тұлға құны үш миллион теңгеден астам тауарды иемденіп кетіпті. Полиция алты қарақшыны бірден ұстап, біреуі қашып кеткен болатын", — деп түсіндірді ІІД.

Жедел іздеу шаралары барысында іздеудегі тұлға жақында Шымкент қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Басты тақырыптар