Өңірлер

Ақтөбеде өзіне қол салған күзетшінің әйелі жұрт күтпеген мәлімдеме жасады

© AP Photo / Bikas DasТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келіншектің айтуынша, Байбек Қарымсақовты біреулер атып тастаған, не болмаса, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Ақтөбеде атылып өлді делінген арнайы мамандандырылған күзет басқармасының қызметкері Байбек Қарымсақовты туыстары мен әріптестері ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды КТК.

Кіші лейтенанттың денесі осыдан үш күн бұрын өзі кезекшілік атқарған қалалық әкімдік ғимаратының ауласынын табылған еді. Күзет басшылығы бұл жағдайды бірден суицид   деп мәлімдеген болатын. Алайда бұған марқұмның жары күмәнмен қарап отыр. Келіншектің  айтуынша, Байбек Қарымсақовты біреулер атып тастаған, не болмаса, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген.   

жедел жәрдем, архив - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбе әкімдігінің жанында күзетші өзін-өзі өлтірді
34 жастағы Байбек Қарымсақовтың денесі  отбасы соңғы жылдары паналап отырған  саяжай аумағындағы үйлердің бірінен шығарылды. Оның туған-туыстарына  марқұмның әріптестері де көңіл айтып келген екен.

Ауыр қайғы арқаласа да, арқасы қайыспаған марқұмның жары тілшілермен кездесіп, болған оқиғаға қатысты өз жорамалын айтып берді. 

Естеріңізге салсақ, күзетшінің денесі дүйсенбі күні кешкі сағат алтылар шамасында өзі кезекшілікте болған қалалық әкімдік ғимаратының ауласынан табылған еді. Басынан оқ жарақатын алған ол сол жерде тіл тартпай кеткен екен. Күзет басшылығы бірден "кіші лейтенант өзіне өзі қол салды" деп мәлімдеді. Алайда  марқұмның жары бұған сенбей отыр. Бағдагүл Жұбанованың айтуынша, оның күйеуін біреулер мұндай сұмдыққа баруға итермелеген, не болмаса атып өлтірген. 

 "Мен өзіне қол салды дегенге сенбеймін.  Өйткені сол күні әкімдіктің қасында полициялар жүгіріп жүр екен. 3-те тексеру болған оларда. Содан кейін 4-те дау-дамай болған. 4-те ол інісімен сөйлескенде ырсылдап тұрған. Оны біреулер қуып  атты немесе атуға мәжбүрледі", — дейді марқұмның жұбайы Бағдагүл Жұбанова.

Келіншектің айтуынша, соңғы кездері оның  жары  жұмыстан шыққысы келіп жүрген екен. Сол жолы да кезекшілікке түсуге  аса құлшыныс танытпапты. Осыдан бес ай бұрын офицер шенін алған Байбекке қызғанышпен қараған біреулер күн бермеген көрінеді.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда ауруханада жатқан науқас өз-өзіне қол салды
"Көре алмаушылык. Соңына түскен. Өйткені ол жақта  шенді сатып алады. 700 000 теңгеден бір миллионға дейін.  Бұл жағдай сағат 4-те болған. Бірақ маған кешкі 9 жарымда естіртті.   9-ға  дейін жасарын жасап, бәрін жинастырып, жуып қойған", — дейді Бағдагүл Жұбанова

Келіншек тіпті олардың кім екенін де жасырмай аттарын атап,  түстерін түстеп берді.  Енді  бұл істің ақ-қарасын  арнайы комиссия анықтайтын болады. Алайда марқұмның жесірі бұл тексерудің әділдігіне де күмәнмен қарайтынын айтады. Енді 3 баласын жалғыз асырайтын келіншек күзет басшылығынан осындай жағдайда отбасына берілуі тиіс барлық жәрдемақыны талап етпекші.  Сонымен қатар "күйеуім өзін өзі өлтірді дегенге мүлде сенбеймін" деп мәлімдеген ол  жарының абыройын сот арқылы ақтап алатынын да жеткізді. 

 

Жаңалықтар
0