Өңірлер

Ақмола облысында екі электр пойызы жолда бұзылып қалды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуЭлектр пойызы, архив
Электр пойызы, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадан Қарағандыға бара жатқан 140-қа жуық жолаушы басқа пойызға отырғызылды

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Ақмола облысында екі электр пойызы тоқ қабылдағыштың істен шығуына байланысты жолда тоқтап қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Автокөліктер кептелісте тұр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Еліміздің алты облысында жолдар жабылды

Шортанды ауданында 11 қаңтарда сағат 9:30 кезінде Астанадан 30 шақырым жерде тоқ қабылдағыш істен шығып, елордадан Көкшетауға бара жатқан №68-07 электр пойызы үш сағатқа кешікті. 

Сондай-ақ Аршалы ауданында 42-ші разъезд станциясында Қарағанды-Астана бағытындағы №68-57 электр пойызы да тоқтап қалады. 

Сағат 14:35-те 139 адам Жезқазған-Астана бағытындағы жолаушылар пойызына отырғызылды. 

Басқа пойыздар кесте бойынша жүріп жатыр, зардап шеккендер жоқ. 

Кеше Ақмола облысында болған боранға байланысты "112" нөміріне үш мыңнан астам қоңырау түскен. 


Жаңалықтар
0