08:12 11 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD369.35
  • EUR421.47
  • RUB5.57
Кісен

Оралда екі баланың анасын қағып өлтірген жүргізуші босатылды

© AFP 2018 / DANIEL SANNUM LAUTEN
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
29 0 0

Сот ер адамды айыпты деп танып, бірақ үкім оқылғаннан кейін босатып жіберді

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik.  Екі баланың анасын қағып өлтірген Toyota Land Cruiser жүргізушісі Александр Карагойшин үкім шыққан соң босатылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Орал қалалық соты хабарлады.

Істің материалына сүйенсек, Орал қаласында Еуразия даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткелінде Евгения Бондаренконы джип қағып кеткен. Судья Нәйля Жүнісова Карагойшинді екі жарым жылға шартты түрде соттады.

Орал қалалық соты агенттікке хабарлағандай, біршама жағдай жүргізушінің жазасын жеңілдетуге себеп болған. 

"Жасаған қылмысына шын жүректен өкініп отыр, сонымен қатар көршілері жағымды қырынан сипаттады, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласы бар, материалдық және моральдық шығынды толығымен өтеді әрі жәбірленуші тараптың қоғамнан аластатпай жазалауды сұрауы себеп болды", — дейді сот өкілі Болат Имашев.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде Карагойшин жәбрленушілерге 20 миллион теңге өтемақы төлеген.

Загрузка...

Басты тақырыптар