Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда жоғалып кеткен мұғалімнің мәйіті табылды

© Photo : Пресс-служба ДЧС Костанайской областиҚұтқарушылар
Құтқарушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жиырма жастағы мұғалім боранда жоғалып кеткен, бір тәуліктен соң ай даладан мәйіті табылды

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik.  Солтүстік Қазақстанда боран кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен 20 жастағы мұғалімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

боран - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда мектептен шыққан мұғалім боранда жоғалып кетті

Уәлиханов ауданы Береке ауылының тұрғынын полиция, Төтенше жағдай қызметкерлері, әкімдік пен жергілікті тұрғындар бір тәуліктен аса іздеген. Өткен бейсенбіде жас мұғалім мектептен шығып, үйіне оралмапты. Жолда адасып, ауылдасының үйіне кірген екен, кейін ақтүтек боранда белгісіз бағытта кетіп қалған.

"Іздеу топтары жақын маңдағы ауылдарды да, түзді де аралап шықты, Ақмола облысы ІІД қызметкерлеріне бағыттама жіберілді. Ақыры соңында мұғалімнің мәйіті ауылдан 10 шақырым жерде табылған", — деп мәлімет берді ІІД.

Полиция атап өткендей, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Жаңалықтар
0