20:57 17 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Оқушы

Ақмола облысы тұрғындары мектепті сақтап қалу үшін жаппай бала асырап жатыр

© Sputnik / Николай Хижняк
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
36 0 0

Ақмола облысы ауылының тұрғындары 11 бала асырап алыпты

АСТАНА, 13 қаңтар — Sputnik. Ақмола облысында ауыл тұрғындары жетімдерді жаппай асырап алып жатыр, деп хабарлайды КТК.

Ақмола облысындағы Қошқарбай ауылы 11 жеткіншекті бір күнде бауырына басты. Осылайша, олар жәутеңкөз балалардың да, ауылдың тағдырын да өз қолдарымен шешті. 60 үйлі ауыл кешікпей тағы бірнеше жетім балақайды ауыл тәрбиесіне тартпақ.

Дәлірек айтсақ, ауыл халқы бір сәтте ауыл мектебі жабылады дегенде қатты уайымдаған. Сөйтіп, бірауыздан келісімге келген. Жетімдерді бауырға басып, ата-аналық мейірімге бөлеу тығырықтан шығар жол деп тапқан. Шынымен де, 6 отбасы барып 11 баланы асырап алғанда алдымен ойлағандары тек ауылды құтқару еді. Бірақ бұл балалар қазір өз баламыздан кем емес дейді олар.

"Өзімнің туған 4 балам бар. Соған қарамастан балалар үйінен 3 бала алып келдік. Басында жолдасым екеумізде бір келіспеушілік болды. Ол маған ұл алып кел деді, жоқ мен қыз алып келем дегенмін. Балалар үйіне барсақ, бір сүйкімді балалар көздері жадырап, әдемі болып күлімдеп тұрған. Өз балаларыма ұқсап кетті", — дейді Қошқарбай ауылының тұрғыны Гүлнәр Баймаханова.

Ауыл мектебінде қазір 40 оқушы бар. Бала саны шағын білім ошағын ұстауға жеткен соң ол жабылмайтын болып шешілген. Ең бастысы, аудан орталығындағы балалар үйінде тек дайынға үйренген жеткіншектер енді ауыл өміріне көндігіп қалған.

Ауыл тұрғындары шынымен игі істің жалғасуын күтеді. 11 баланы  негізінен мектеп мұғалімдері асырап алыпты. Қазір Қошқарбайдың басқа тұрғындары да балалар үйіне жиі барып жүр.

Басты тақырыптар