Өңірлер

Өгей әкесі тістеп тастаған қыздың ісіне қатысты жаңа дерек шықты

© Photo : JeevanҚыз бала
Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам сәбидің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталды

АСТАНА, 13 қаңтар — Sputnik. Алматы облысында үш жасар қызды қорлау оқиғасына қатысты іс қозғауға негіз болған қылмыстық бап өзгертілді.

Ер адам қыздың иығына қолын қойып отыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Өгей қызын зорлаған павлодарлық сотталды

Өгей әкесі тістеп тастаған қыздың суреті әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Жазба авторының сөзіне сүйенсек, ер адам өгей қызының мұрнын тістеп, жұлып алыпты. Зардап шеккен бүлдіршін жиырма күндей дәрігерлердің қарауында болған.

Полиция түсіндіргендей, қыздың анасы Талғар АІІБ-не 2017 жылдың 25 желтоқсанында арыз берген, соған сәйкес ҚР ҚК 107-бабы бойынша (Адам денсаулығына қасақана орташа зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалған. Алайда 12 қаңтарда қылмыстық бап 106-шы (Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) болып өзгертілгені белгілі болды.

"Талғар АІІБ қызметкерлері оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның үстіне қоғамның назарына ілінгендіктен, облыстық департамент те істі ерекше бақылауына алды", — деп хабарлады Алматы облысы ішкі істер департаменті ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Полиция сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп отыр. Тергеу барысында бұрын ұрлық жасап, әйелді зорламақ болғаны үшін сотталған күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде "Міндетті түрде келу" таңдалды.

Жаңалықтар
0