Өңірлер

Шымкенттегі тойда 4,2 метрлік торт қонақтарды таңғалдырды

© Photo : Instagram / renat_agzamovРенат Агзамовтың торты
Ренат Агзамовтың торты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Салтанатқа ең танымал адамдар шақырылғанына қарамастан, кештің ең басты тосын сыйы үлкен торт болды

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Белгілі ресейлік кондитер Ренат Агзамов Шымкенттегі үйлену тойына арнайы 1500 келі тартатын үлкен торт пісірді.  

Иттерге арналған торт - Sputnik Қазақстан
Италиялық аспаздар Рождество мерекесіне орай иттерге торт пен тәтті тоқаштар әзірледі
Шымкенттегі сәнді отелдердің бірінде өткен салтанатты шарада жиналған қауымды атақты адамдардың көптігі емес, торттың үлкендігі таңғалдырды.    

"Кеше Шымкенттегі Rixos отелінде ғажап үйлену тойы өтті! Жұлдыздар көп болды, бірақ қонақтарды жұлдыздармен таңғалдыру қиын, тіпті Валерия мен Шон қарапайым әртістердің қатарында жүрді. Кештің және әлеуметтік желінің басты хиты торт пен боксшы болды", — деп жазды музыкалық продюсер Жан Мұқанов Telegram-каналында

Ренат Агзамовтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазғандай, аспаздар төрт метрлік тортты үш күн бойы жасаған. 

 

 

 

"Күрделі халықаралық жобаны жүзеге асырдық. Торттың диаметрі — үш метр, биіктігі — 4,2 метр (арбасымен бірге). Салмағы —  1500 килограмға жуық", — деп хабарлады "торт шебері"

Тойға Тамара Асар, опера әншісі Сүндет Байғажин, сондай-ақ қазақстандық боксшы Геннадий Головкин секілді отандық шоу-бизнес және спорт жұлдыздары шақырылды.  


Жаңалықтар
0