20:57 17 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Димаш Құдайбергенов Евразия кинофестивалінде

Димаш Құдайбергенов Ақтөбедегі ХҚКО-да паспортты қалай жасатты?

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
333021

Халыққа қызмет көрсету орталығының клиенттері мен қызметкерлері әншімен суретке түсіп, қолтаңба алды

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Ақтөбедегі ХҚКО-ға шетелдік паспорт жасатуға келді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай хабарлады.

"Бүгін әлемдік деңгейдегі жұлдыз Димаш Құдайбергеновтың сапары Ақтөбедегі №1 ХҚКО-ның қалыпты жұмысын бұзды. Келушілер мен қызметкерлер атақты жерлесінен қолтаңба алып, бірге естелік суретке түсті. Димаш ХҚКО-ға шетелдік паспорт жасатуға келді", — деп жазды Жұманбай әлеуметтік желіде.

Басты тақырыптар