Өңірлер

Атырау-Астрахань тас жолында көлік апатынан бес адам қаза тапты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан бес адам көз жұмды

АСТАНА, 15 қаңтар  — Sputnik. Қазақстанның батыс өңірінде ірі жол апаты болып, бес адам қаза тапты, тағы бес адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды өңірлік "Мой ГОРОД" басылымы.

Момышұлындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жол апатына түскен көлік бірнеше метрге ұшып кетті

Жол апаты 14 қаңтарда күндіз Атырау-Астрахань тас жолында Х. Ерғалиев атындағы ауылдан бес шақырым жерде болған.

"Hyundai Accent пен "ВАЗ-21015" көліктерінің соқтығысуынан бес адам қаза тапты: "ВАЗ-21015"  көлігінің 60 жастағы жүргізушісі, 40 және 57 жастағы екі әйел, 29 жастағы жігіт пен 60 жастағы жолаушы", — деп хабарлады Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі.

Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары Исатай ауданы Аққыстау ауылының ауруханасына жеткізілген.

Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар
0