05:51 20 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD367.30
  • EUR419.68
  • RUB5.58
Су-27

Талдықорған түбіндегі ұшақ апатына кінәлі ұшқыш сотталды

© Sputnik / Виталий Аньков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Талдықорғандағы Су-27 ұшағы апаты (6)
25110

2016 жылдың желтоқсанында Талдықорған түбінде әскери бөлімшенің Су-27 ұшағы апатқа ұшырады, ұшқыш секіріп үлгерген

АСТАНА, 15 қаңтар  — Sputnik. Әскери сот ҚР қорғаныс министрлігі 21751 әскери бөлімшесінің Су-27 ұшағының апатқа  ұшырауы туралы іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды сот баспасөз қызметі.

Істің материалына сүйенсек, ұшқыштың әрекеті салдарынан оң және сол жақ қозғалтқыштар істен шыққан.  

"Майор И. ұшуға дайындалу ережелерін бұза отырып, Су-27 жанармайын текерместен, ұшақты қабылдап, әуеге көтерілген. Ұшқан кезде жанармайдың аздығына байланысты арнайы құралдар белгі береді. Алайда И. құралдардың дұрыс істейтініне күмән келтіріп, жетекшіге жанармай мөлшерін анағұрлым жоғары деп айтқан. Майор И. әрекеті ұшақты апаттық жағдайға дейін жеткізіп, жанармай таусылғанда оң және сол жақ қозғалтқыштары істен шығады. Содан кейін ұшқыш ұшақтан секіріп кетіп, Су-27 Талдықорған аэродромынан 20 шақырымдай жерге құлап бұзылған", — делінген сот хабарламасында.

Майор И. айыпты деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Әрі әскери ұшақтарды пайдалануға қатысты қызметтен 4 жылға шеттетілді. 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тақырып:
Талдықорғандағы Су-27 ұшағы апаты (6)
Загрузка...

Басты тақырыптар