Өңірлер

Қостанай облысында жолда қалып қойған 25 адам құтқарылды

© SputnikАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауа температурасының төмендеуіне байланысты облыста полиция жасағының саны артылды

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Қостанай облысында жанармайы қатып қалған автобустан 25 адам құтқарылды, олардың арасында әйелдер мен балалар болған, деп хабарлайды облыстың ІІД.

Автобус - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Полиция жыраға түсіп кеткен автобус жолаушыларын құтқарды

Үшінші қаңтарда Талапкер ауылына жақын жерде VAN автобусы түн ішінде Әулиекөлден облыс орталығына бара жатып, қатты аяз бен мотор майының ағып кетуі салдарынан тоқтап қалады. Автобуста әйелдер мен балалар болыпты.

Сол кезде жолды екі полиция қызметкері шолып жүріп, сынған автобусты байқайды. Полицейлер жолаушыларға көмектесіп, біртіндеп жолшыбай кетіп бара жатқан көліктерге отырғызған.

Автобус жүргізушісі көмекке келе жатқан әріптесін күтіп, жанармайды құйып, көлікті жүргізеді. Полиция қызметкерлері оларды Қостанайға дейін шығарып салған.

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты Қостанай облысы ІІД жергілікті полиция қызметі жасақтарды күшейтіп, жолдарды мұқият бақылап отыр.

Жаңалықтар
0