11:28 24 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Автобус

Петропавлда бағдарлы автобуста әйел адам көз жұмды

© Foto : акимат Алматы
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
62 0 0

Жолаушыға алғашқы көмек көрсетілгенімен, әйелдің өміріне араша бола алмады

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Петропавлдағы бағдарлы автобус ішінде әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиға куәгерлері хабарлағандай, әйел адам сәрсенбі күні №27 бағдарлы автобуста болған. 

"Жағдайы күрт нашарлап кетті, жүргізуші бірден ауруханаға алып барғанымен, шамамен 40-тардағы әйелді құтқаруға мүмкіндік болмады", — дейді оқиға куәгерлері. 

Әйел адамның құжаттары болмағандықтан, кім екені бірден анықталмаған.

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.

"Әйелдің кім екені сол күні анықталып, туған-туыстарына хабар берілді", — деп мәлімет берді ведомство баспасөз қызметінің өкілі Динара Сағындықова.

Загрузка...

Басты тақырыптар