Өңірлер

Жұма күні елімізде ауа райы жауын-шашынсыз болмақ

© Sputnik / Болат ШайхиновБәйтерек
Бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің кей өңірлерінде синоптиктер бұрқасын, көктайғақ, тұман болады деп болжайды

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Елімізге антициклон әсер ертіп, басым бөлігінде жауын-шашын түспейді, батыста ғана ауа райы жауын-шашынды. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, батыс пен оңтүстік-шығыста бұрқасын болады, батыста – көктайғақ, деп хабарлайды Қазгидромет.

Аяз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер: алдағы күндері 35°C аяз болады

Алматы облысында кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында бұрқасын 18-23 м/с. Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын 15-20 м/с.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Жаңалықтар
0