02:19 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
500 теңге

Ер адам азаматтық некедегі әйелінің атынан несие алып, қашып кеткен

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
153 0 0

Заңсыз жолмен 150 мың теңге қарыз алған ер адам қомақты айыппұл төлеуі мүмкін

АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Степногорск тұрғыны азаматтық некедегі әйелінің атына несие ресімдеп, қашып кеткен, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Әйел қаланың ішкі істер басқармасына арыз беріп, өткен жылы қазанда белгісіз біреулер оның атынан 150 мың теңге несие алғанын хабарлаған. Қазір ол шағын несие беру ұйымына жалпы сомасы 358 мың теңге қарыз екен.

"Несиені жәбірленушінің атынан онымен бірге тұрған ер адам алыпты, бұрын мүлкітік қылмыс жасағаны үшін сотталған. Әйелдің бұрын интернет арқылы онлайн қарыз алғаны анықталды, алайда ол алған ақшасын пайызымен қосып өтеген екен", — деп мәлімет берді ІІД.

Бастапқы мәлімет бойынша, отыз жастағы ер адам жәбірленушінің құжаты мен банк карточкасы нөмірін пайдаланып, қашып кеткен.

Аталған дерек бойынша алаяқтық бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айыпты 2,4 миллион теңге айыппұл төлеуі немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Загрузка...

Басты тақырып