Өңірлер

Павлодарда трамвай өртенді

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуТрамвай
Трамвай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Трамвайдың желісі үзіліп түсіп, отқа оранған

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Павлодар тұрғындары трамвайдың отқа оранғанына куә болды.

Видео әлеуметтік желідегі "Автосообщество Палводара" тобында жарияланған. Жазбада айтылғандай, жалынды қасынан өтіп бара жатқан полицейлер тез арада сөндірген.

 

 

Бірақ трамвай басқармасының баспасөз қызметі Pavlodarnews.kz порталына хабарлағандай, оқиға салдарынан ірі өрт шықпапты.

"Бастапқы деректер бойынша, 8:56 кезінде Торайғыров-Кутузов көшелері учаскесінде трамвай желісі үзіліп, вагон корпусына түскен, салдарынан аздап жалын атып, біраз түтін шыққан. Бұл вокзалдан өндірістік аймаққа бет алған 17-ші бағдар болатын", — деп хабарлады трамвай басқармасының баспасөз хатшысы Тимофей Голев басылымға.

Оның сөзіне сүйенсек, оқиға кезінде вагонда бес адам болған, ешқайсысы зардап шекпеді. Оқиға орнына апаттық бригада аттанған. Трамвай қозғалысы 10:00-да қалпына келтірілді.

Жаңалықтар
0