17:53 12 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.30
  • EUR428.14
  • RUB6.08
Сот отырысы, архивтегі фото

Шымкентте әйелін пышақтап, желіде жария еткен қылмыскер сотталды

© Sputnik / Айсулу Жумагулова
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
710 0 0

Айыпталушы сот залында әйелі мен қайын енесінен кешірім сұрап, өкінетінін білдірді

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Шымкентте әйелін пышақтап, суық қаруын анық көрсетіп видеоға түскен, онысын мақтана жариялаған Нарметовке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында қаралған процесс кезінде пышақталған әйел күйеуіне кешірім беретінін мәлімдеді. Екі перзентінің анасын пышақтағанына масайрап, масаттанған Нарметов бүгін сот процесі кезінде басқаша сайрады. Өкінетінін айтып, әйелі мен қайын енесінен кешірім сұрады.

Ғаламторда таратқан видеода басқа дінге кіріп кеткені үшін пышақтадым деп мақтанған сотталушының сөзі шындыққа жанаспайды. Тұрмыстық зомбылықтан қажып, төркініне кеткен әйелін қайтара алмай, қолын қанға малыған.

Өзіне пышақ ұрып, өлімге қия салған күйеуіне әйелі кешірім берді. "Арадағы қос құлынымның қамы" деп түсіндірді жәбірленуші.

Сот медициналық сараптама материалдарында сотталушының ақыл-есі дұрыстығы дәлелденген. Нашақорлықпен, маскүнемдікпен ауырмайды. Бұрын сотты болмағаны, жәбірленушінің кешірім бергені ескеріліп, мемлекеттік айыптаушы 3 жыл алты айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушының қорғаушылары оны бас бостандығынан айырмауды сұранды. Себептерін де тізіп шықты.

Мемлекеттік айыптаушы, Қаратау аудандық прокуратурасының прокуроры А. Жұмағұлов адвокаттың сұранысына қарсылық білдірді.  Жарты сағаттық кеңесуден соң сот үкімі де оқылды. Сот үкімімен, сотталушы үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталушы жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Кілт сөздер:
видео, пышақтап тастады, Шымкент
Загрузка...

Басты тақырып