Өңірлер

Алматыда адамдарды жүксалығышта тасымалдаған жүргізушіге айыппұл салынды

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуАвтокөліктер, архивтегі фото
Автокөліктер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиғаның видеосы желіде жарияланды, жүргізуші кінәсін мойындады

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Алматы полицейлері жолаушыларды өз көлігінің жүксалғышында тасымалдаған жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Құқық бұзушылықтың видеосы әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында анықталды, деп хабарлады қалалық жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.  

"Тексеру шараларын жүргізу барысында құқық бұзушы анықталды, ол жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізуші кінәсін бірден мойындады. Оқиға Сейфуллин даңғылында, Мәметова көшесімен қиылыста болған", — деп атап өтті ЖПҚ іздеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерік Насырбеков. 

Жаңалықтар
0