Өңірлер

Астана әкімдігі қысқартылған жұмыс күнін жариялауды ұсынды

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде қатты аязға байланысты дабылды ескерту жарияланған еді

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Астана әкімдігі қатты аязға байланысты мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері және кәсіпорын басшыларына қысқартылған жұмыс күнін жариялауды ұсынады. 

"Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында Астана әкімдігі өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық жәрдем, Астана қаласының ІІД, ТЖД, коммуналдық қызметтер сияқты қала тіршілігін қамтамасыз ету мекемелерінен өзге мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік (базарлар, СОСО) және құрылыс нысандарының басшыларына қысқартылған жұмыс күнін жариялауды ұсынады", — деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Астана қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.


Жаңалықтар
0