Өңірлер

Қарағанды облысында сары аурудың белең алу себебі анықталды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір Қарағанды облысында дертке шалдыққан жиырмадан астам адам тіркелген

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында жиырмадан астам адам тұрмыстық жағдайда сары ауру жұқтырған болуы мүмкін, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің төрағасы, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин.

аурухана, архив - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ШҚО-да шағын ауылда 50 бала сары ауруға шалдығып, біреуі қайтыс болды

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағанды облысында екі оқушы "гепатит А" диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Қазір балалар дәрігерлердің мұқият қарауында.

"Қазір 24 адамның дертке шалдыққаны анықталды, олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бұл Шет, Бұхар Жырау аудандарының, Сарань, Абай қалаларының тұрғындары. Қарағанды қаласының өзінде де науқастар бар, олардың саны он тоғыз: сегіз ересек адам және он екі оқушы. Теміртауда сары ауруға шалдыққан алты адам тіркелді", — деді Бекшин орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның түсіндіруінше, ауру тұрмыстық жағдайда бір адамнан екінші адамға жұққан болуы мүмкін.

"Дерт қысқы каникулдан кейін белең ала бастады, көптеген балалар еліміздің түпкір-түпкірінде болып қайтты, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтамай, сапасыз азық-түлік пайдалану салдарынан, бәлкім шетелге сапар кезінде жұқтыруы мүмкін", — дейді бас санитарлық дәрігер.

Дегенмен, оның айтуынша, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында сары аурудың таралуының өзара байланысы жоқ.

Жаңалықтар
0