Өңірлер

Алматыда "Нұрлы Тау" бизнес орталығынан 500 адам қауіпсіз жерге шығарылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӨрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда бизнес орталықтағы 500 адамның неліктен қауіпсіз жерге шығарылғаны белгілі болды

АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Алматыда өрт сөндіру оқу-жаттығулары кезінде ірі бизнес орталығынан 500 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

"Алматыда "Нұрлы Тау" бизнес орталығында бүгін биік ғимараттарда өрт сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығулар жүріп жатқанын растаймын. 12.03 кезінде басталған. Оқу-жаттығу барысында 500-дей адам қауіпсіз жерге шығарылды. Алматы қаласы өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан алпыс адам мен он үш техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығу жоспарға сәйкес өткізіліп жатыр", — деді Иманқұлов Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Жаңалықтар
0