Өңірлер

Ауа райы болжамы: бүгін қатты аяз болып, бұрқасындатады

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуБұрқасын
Бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын, тұман, төменнен соққан боран, оңтүстік-батыста көктайғақ

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігіне әлі де антициклон әсер етіп, ауа райы жауын-шашынсыз болмақ, тек батыс пен солтүстікте ғана аздап жауын-шашын түседі, деп хабарлады "Қазгидромет".

Қарлы боран - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбеге қатты аяз бен қарлы боран келе жатыр

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің екпіні — 18-23, бұрқасын — 30 м/с-тен асады, Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында боран соғады.

Ақтөбе облысында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с, Мұғалжар ауданында — 25, бұрқасын — 30 м/с-тен асады.

Ақмола, Жамбыл және Қостанай облыстарында төменнен соққан боран, тұман, желдің екпіні — 15-23 м/с.

Алматы облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, Маңғыстау облысында – көктайғақ, Қарағанды облысында – жел — 15-20 м/с.

Алматы, Қарағанды облыстарында кей жерлерде өте қатты аяз. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз.

Жаңалықтар
0