Өңірлер

Жұма күні елімізде қатты аяз болады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАяз
Аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын, тұман, төменнен соққан боран

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігіне әлі де антициклон әсер етіп, ауа райы жауын-шашынсыз болмақ, деп хабарлады Қазгидромет.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің екпіні — 18-23, бұрқасын — 30 м/с-тен асады, Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында боран соғады.

Мектеп оқушысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жұма күні де сабақ болмайды

Ақтөбе облысында кей жерлерде төменнен соққан боран, бұрқасын — 18 м/с, Мұғалжар ауданында — 23-28 м/с.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде төменнен соққан боран, тұман, желдің екпіні — 15-20 м/с, Жамбыл облысында — 23 м/с.

Қарағанды, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман, бұрқасын — 15-20 м/с.

Атырау облысында кей жерлерде бұрқасын — 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман.

Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты аяз, кей жерлерде өте қатты аяз болады.

Ақмола, Павлодар, Қызылорда облыстарында кей жерлерде қатты аяз болады.

Жаңалықтар
0