18:40 20 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD366.43
  • EUR420.11
  • RUB5.58
қыс

Синоптиктер күн қашан жылынатынын айтты

© Public Domain
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1677 0 0

Бір аптадан бері жұртты біраз әбігерге салған қатты аяздың беті қайтады

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның көптеген өңірінде қатты аяздың беті қайтады, деп хабарлайды Қазгидромет.  

29-30 қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында аяздың беті қайтып, аптаның соңында ауа температурасы —35-41 градустан —15-23 градусқа дейін, түнде —25-33 градустан —7-15°C дейін көтеріледі.

Оңтүстік аймақтарда түнгі температура —21-35 градустан —5-13 ° C, күндіз —15 —2-ден —2 + 3 ° C дейін көтеріледі деп болжанып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда синоптиктер орталық, солтүстік және шығыс облыстарда қатты аязға байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын. Одан кейін қатты аяз Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына да жетіп, 29 қаңтарға дейін дабылды ескерту жарияланды.


Кілт сөздер:
күн жылынады, аяз, қыс, қазгидромет
Загрузка...

Басты тақырыптар