Өңірлер

Қырғызстаннан келген оқушы қыз бес айдан кейін Алматыдан табылды

© Sputnik / Табылды Кадырбековқыз
қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
16 жастағы оқушы қыз үйінен бұған дейін де бірнеше рет қашып кеткен

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Бес ай бұрын Алматы облысында жоғалып кеткен Қырғызстаннан келген 16 жастағы қызды полиция Алматыдан тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірлік ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып. 

Оқушы қыз Қырғызстаннан анасымен бірге келіп, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында тіркеуге тұрған. Өткен жылы тамызда анасы полицияға келіп, қызының жоғалып кеткеніне арызданады. 

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Бішкекте қатты аязда 15 адам үсіп өлді

Бес айдан кейін полицейлер оқушының қайда екенін анықтайды. Осы уақытта жасөспірім қыздың Алматыда туысқанының үйінде тұрғаны белгілі болды. Ол отбасындағы жанжалдардан мезі болғанын, сондықтан анасына айтпауын сұраған. 

"Қазір оқушы қыз үйіне жеткізіліп, анасына тапсырылды. Дегенмен, қыздың үйінен бірнеше рет қашып кеткенін ескеріп, ювеналдық полиция қызметкерлері тиісші шара қолдану үшін бұл жағдайдың себептерін анықтайды", — деді полициядағылар. 

Белгілі болғандай, оқушы қыз Қазақстанға келгесін, мектепке мүлдем бармаған. Полиция бұл жағдай туралы білім беру органдарына хабарлады. 

 

Жаңалықтар
0