11:01 24 Маусым 2018
Тікелей эфир
  • USD340.27
  • EUR396.31
  • RUB5.39
Жас жігіт терезе алдында отыр

Алматыда дәмханаға "мина қойған" ер адам сотталды

CC0 / StockSnap
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
34 0 0

Өткен жылдың қыркүйегінде Алматыда ер адам дәмханаға "мина қойды"

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Алматыда лаңкестік туралы жалған хабар таратқан ер адам сотталды, деп хабарлайды қаланың Алмалы аудандық соты. 

Ер адамның үстінен "Террорлық акті туралы көрінеу жалған хабар" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Сотта анықталғандай, өткен жылдың қыркүйегінде ер адам "Бавария" дәмханасында отырып, полицияға хабарласқан. Сөйтіп дәмханаға жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Жедел қызметтер дәмхана қызметкерлері мен тамақтануға келгендерді дереу эвакуациялады. Алайда тексеріс барысында ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Сотта ер адам кінәсін толығымен мойындады. Сот үкімімен ол бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Кілт сөздер:
лаңкестік, мина, Алматы

Басты тақырыптар