Өңірлер

Ақтауда табылған бір бума ақшаның "иесімін" деп 40-тан астам адам келген

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олардың ешқайсысы бумада қандай купюралар болғанын айта алмапты

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Ақтауда бір бума ақша тауып алған Хасен есімді жігітке 45 адам келіп, қаражаттың иесі екенін айтқан, деп жазады "Лада" жергілікті басылымы.

Келген адамдар ақшалай қаражаттың заңды иесіміз деп айтыпты.   

"Бәрі де мен тапқан жерде қомақты қаражат жоғалттым деп келді. Бірақ қанша ақша екенін, қандай купюралар болғанын нақты айта алмады. Қайырымдылық ретінде ақшаны беруді сұрап хабарласатындар да көп. Соған қарамастан үмітімізді үзбей, ақшаның шын иесін күтіп отырмыз", — дейді  Хасен.

Ақтау тұрғыны бейсенбі күні кешке бір бума ақша тауып алған. Ол қаражаттың иесі табылмаса, қайырымдылық қорына бермекші.

Қаражаттың нақты сомасы жарияланған жоқ.

Жаңалықтар
0