Өңірлер

Павлодарда бейнекамераға түсіп қалған ұрылардың әрекеті жұртты таңғалдырды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуПәтер ұрлығы
Пәтер ұрлығы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұрылар зардап шегушіге өздері хабарласып, ұрланған мүлікті қайтарып берді

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik.  Ұрлықтың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін павлодарлық ұрылар пәтер иесіне өздері хабарласып, ұрланған заттарды қайтарып берді. Бұл туралы Павлодардың қайырымды жандар клубы Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Еріктілер Кутузов көшесіндегі №42 үйдің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камерасының жазбасын желіде жариялады. Онда лифтен теледидар, шаңсорғыш және үтік ұстап шыққан екі ер адамның бірінің жүзі анық көрінеді. Видеожазба қайырымды жандардың жеке парақшасында өткен аптаның басында пайда болды. Еріктілердің айтуынша, ұрлық 18 қаңтар күні болған.

 

 

Қайырымды жандар клубы кімде-кім қылмыскерлерді танитын болса, полицияға көмектесуін сұраған болатын. Дегенмен ешкім күтпеген жағдай болды. Бейнежазбаны ұрылардың өздері көріп, сол күні еріктілермен хабарласқан. Ал кейінірек пәтер иесіне ұрланған мүлікті қайтарып беріпті.      


Жаңалықтар
0