05:48 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
қолына темір ұстаған адам

Түркістан тұрғынын жұмысқа бара жатқан жолда өлтіріп кетті

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
637 0 0

Полиция ер адамды өлтірген күдіктілерді ұстады, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Түркістан тұрғынын жұмысқа бара жатқан жолда тонап, өлтіріп кетті, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Такси
© Sputnik / Наталья Селиверстова

"26 қаңтарда Түркістан қаласының ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, таңертең өз көлігімен жұмысқа кеткен әкесінің үйге келе жатқан жолда жоғалып кеткенін хабарлады", — деп хабарлады өңірлік полиция.

Полицейлер көп ұзамай Түркістан қаласының маңынан жоғалып кеткен адамның жол апатына ұшыраған көлігін тапты. Іздеу жұмыстары барысында қылмысқа қатысы бар үш жігіт ұсталды. Олар полицейлерге мәйітті қайда жасырғандарын көрсетті. 

Бұл факті бойынша "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. 


Кілт сөздер:
адам өлтіру, қылмыс, Түркістан
Загрузка...

Басты тақырып